Өлең, жыр, ақындар

Соғыс ардагерлері

Жүр олар әр қалада, әр ауылда,
Қақталған қанды майдан алауында.
Лаулаған жалын от бар жанарында,
Жаумаған қалың бұлт бар қабағында.

Қайырмасы:

Айтатын жыр, әні бір
Аяулы асыл ағалар.
Жүрегінде бәрінің
Соғыс салған жара бар.

Біреуі жерді басып, жүре алмайды,
Біреуі күнді көріп, күле алмайды.
Қолы жоқ біреуінің, өмір бойы
Құшақтап жас сәбиін сүйе алмайды.

Қайырмасы:

Қайтса да туған жерге жеңіспенен,
Тағдырдың зәрі бар ма ол ішпеген...
Ескертіп жүреді олар – әр күн сайын
Мінекей, осындай деп соғыс деген.

Қайырмасы:

Балғын жүзі албырап алау атқан,
Балапандай қанатын жаңа қаққан.
Кім едің сен, қалқашым, кім едің сен,
Ақ сәулеге оранып бара жатқан?

Қайырмасы:

Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын.
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда,
Көз алдымда тұратын.

Аққуға ұқсап ойнаған айдын көлде,
Орамалың желбіреп таңғы желге.
Айдалада абайсыз жолыққандай
Жанарымнан жасқанып қалдың неге?

Қайырмасы:

Күнде алдымнан шығасың таң алдында
Ақша бетің албырап алау нұрға.
Кім едің сен, қалқашым, кім едің сен,
Арман үшін, әлде сен жаралдың ба?!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Апатайым – алтын айым

  • 0
  • 0

Апатайым – алтын айым
Қарғашымды тербетсін деп,
Сен айтпаған ән бар ма?
Сағи Жиенбаев

Толық

Оң аяқ

  • 0
  • 0

Күн ұзаққа шөп шауып,
малды бағып,
Таң алдында жантайып қалғып алып,
Отыратын бір мезгіл кілең жесір

Толық

Наз ерке

  • 0
  • 0

Наз ерке
Жайқалды тағы да көк орман,
Жайқалды құрағы жағаның.
Сағи Жиенбаев

Толық