Өлең, жыр, ақындар

Мақтаныш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жұрт таңертең жұмысқа аттанады,
Барған соң шаттанады,
МАҚТАНАДЫ.
Себептер бар, әрине,
МАҚТАНАТЫН,
Дәрігер киіп алар ақ халатын.
Сатушы кәмпиттерін тізбелейді,
«Ең тәттісін берейін сізге», — дейді.
Сантехник МАҚТАЙДЫ кілт, құралын,
Шүберекпен тазалап сүртті бәрін.
Саудагерлер МАҚТАЙДЫ өріктерін,
Шоферлар әспеттейді көліктерін.
Терек, қайың МАҚТАЙДЫ бұтақтарын,
...Мен сендерді МАҚТАЙМЫН,
кітаптарым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтаныш өлеңінің авторы кім?

Ертай Ашықбаев — осы өлеңнің авторы.

Мақтаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мақтаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ертай Ашықбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар