Үстімде сұр шинелім – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Үстімде сұр шинелім» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қанды кырғын, қызыл от,
Қаптап жүр ажал дегенің.

Үстімде сүр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қағып-соғып жығар ма
Оңайлықпен мені өлім!

Үстімде сүр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Баяғы Қасым, бір Қасым,
Баяғы күйім, өлеңім.

Үстімде сүр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім!

1944 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері