Рудакиге еліктеу – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Рудакиге еліктеу» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кең жалғанның алармын ба алғысын,
Ақ дидарың шақырады жан құсын.
Жүрегім­ай, қайран, менің жүрегім,
Ғашық болып қалғаннан сен саумысың?
Ес білгелі тыңдап келем құс әнін,
Тәжік қызы, кірпігіңмен тұсадың.
Бүлкілдейді ақ төсіңде қос алма,
Бір құшуға шақырғандай құшағың.
Бір кездесу азабын көп шектім де,
Памир берген нұр жұмаққа жеттім бе?!
Неге сонша дірілдейді білегің,
Сен де маған ғашық болып кеттің бе?
Сәт әкелді жүректің гүл тергені,
Жас қызғалдақ ескі дертті емдеді.
Екі көзі көрмесе де Рудаки
Осындайда депті: «Қалқам, кел бері».

29.09.1983.
Пенджекент


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рудакиге еліктеу өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Рудакиге еліктеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рудакиге еліктеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рудакиге еліктеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері