Болашақ дәрігерге – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Болашақ дәрігерге» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 771
Дәрігерсің болашақ,
Емшім едің,
Тереңірек кеудеме төнші менің.
Жараланған жүрегім кесепаттан,
Көгершінім, кішкентай келші менің.
Емшім менің,
Ақ қанат құсым едің,
Түсерсің-ау азапқа
Түсінемін.
Сен жазарсың тәнімнің сырқаттарын,
Тұнып қалса қайтер ең,
Ішіме мұң?
Көмектеспей қалады
Дәрілерің,
Ұрып жықты
Білмессің кәрі ненің?
Сондай сәтте күлкің ғой шипа болар,
Аңдайсың ба,
Сен соны,
Дәрігерім?
Үнің қайда,
Тым майда,
Әрі керім?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері