Сәтті арадай бал терген қанша гүлден – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сәтті арадай бал терген қанша гүлден» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сәтті арадай бал терген қанша гүлден,
Көксегенін көкіректің аша білген.
Заңғар ойшыл Рудаки – нағыз алып,
Ой пернесін әлемнің баса білген.
Осы менің тапқаным ғаламаттан,
Өзге өнерін саусақтап санап жатпан.
Мұсылманнан ғана емес,
Ол данышпан
Орын алған ең озық адамзаттан.
Шексіз сүйді жазғанын оқырманы,
Әр рубаиы ғазелдер нөпір мәні.
Қосамын деп қай кезде қай аспапты
Дирижердей елестетер отырғаны.

08.12.2007.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәтті арадай бал терген қанша гүлден өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Сәтті арадай бал терген қанша гүлден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәтті арадай бал терген қанша гүлден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәтті арадай бал терген қанша гүлден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері