Иманның модасы

Бұл бетте «Иманның модасы» атты Əуес Бекмұрат жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мұсылманбыз!
Мың шүкір бір Аллаға,
Атам сəжде еткен жер ұлан дала.
Бұл күні Исламды бұлақ десек,
Ағып жатқан жандар көп құр арнада.

Ол арна қайда апарар қызықпайды,
Өмірдің тіршілігін қызықтайды.
Тілдері жүрегінен имандырақ,
Жүз Алла деп, Алланы жүз ұқпайды.

Бұл діннің бауырына жиғаны көп,
Жүргендер бар тақуа, ибалы боп.
Бір жандар мода қылды асыл дінді,
Басында хиджабы бар, иманы жоқ.

Ұзын киіп біреу жүр жабыстырып,
Хиджап деген осы деп намыс қылып.
Айналайын кең ки де, хиджап оран,
Қалғаны ибалыдан алыс қылық.

Ей, əлем мұсылманды қу деп пе едің?
Қарашы кімдер оны улы еткенін!
Мешітте тайраңдаған,
Хиджап киіп - желіге салатындар суреттерін.

Кəлимасыз мұсылман тіпті адамдар,
Бірақ, сайқы-мазақты құптағандар.
Саны көп, сапасы жоқ мұсылмандар,
Исламның түп-тамырын ұқпағандар.

Мұсылман көп - сəждеге бас бармаған,
Өмірі шəйін беріп, асқа алдаған.
Əй, мұсылман бауырлар сынақ - фəни,
Шын өмір əлі бізге басталмаған...

Дін жайлы тіл қозғаса адасқан деп,
Исламды өз ойымен санасты əрлеп.
Адаспасаң құлшылық қылмайсың ба?
Жүргенше "жас жанымыз жарасқан" - деп.
Əлде күтіп жүрмісің бұл басыңа,
Төнерін мұнарланған қара аспан кеп.

Біреу жарлы, біріміз беделдіміз,
Біріміз махаббатшыл өлеңдіміз.
"Махаббат жас таңдамайды" - дегені жəй,
"Өлім жас таңдамайды" - деген дұрыс.

Ел, дін деп іріп кетсін ішім мейлі,
Əр адам көңіл қошын пішіндейді.
Бұл жырды мəндемеген кішірмейді,
Исламды - ақиқатты түсінбейді.
"Құлшылықты қоя тұр жаспыз əлі,
Алдымен бітсін күйбең ісім" - дейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иманның модасы өлеңінің авторы кім?

Əуес Бекмұрат — осы өлеңнің авторы.

Иманның модасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иманның модасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Əуес Бекмұрат өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иманның модасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері