Қоштасу

Бұл бетте «Қоштасу» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 665
(1769)

Жаутаңдадым үнсіз тек,
Кенет тілім күрмеліп,
Айрылысу — қандай қасірет,
Жан едім ғой мен берік!
Махаббатты мұң басып,
Тұнжырадым сол бір сәт.
Сүйісімнен сыр қашып,
Салқын тартты сал құшақ.
Білем, назды ауызын
Сүйген мені жандырып,
Үлбіреген жауқазын,
Лебі мені қандырып.
Ұсынар гүл жоқ менде,
Шешек атпас қайта жаз.
Франциска көктемде,
Екеумізді соқты аяз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштасу өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері