Иірмекіл – Кәдірбек Құныпияұлы

Бұл бетте «Иірмекіл» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3305
Асығың түссе алшыдан –
Несібе күт аңшыдан.
Биік ұшып бүркітің,
Құс іледі қаршығаң.

Асығың түссе тәйкеден –
Жоғарылар мәртебең.
Алдына қара салдырмай,
Атың келер бәйгеден.

Асығың түссе бүгінен –
Көш түзелер жүгімен.
Нұрлы ертеңің туралы
Түс көресің түнімен.

Асығың түссе шігінен –
Қуаныш болар шынымен.
Жақсы көрер жандарың
Қарсы алады гүлімен.

Асығың түссе омпадан –
Жасайсың сен оң қадам.
Аталарың асықпен
Ертеңді өстіп болжаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері