Тауын жырлап, жерімнің көлін жырлап – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тауын жырлап, жерімнің көлін жырлап» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 641
Тауын жырлап, жерімнің көлін жырлап,
Табиғатқа болғандай көңіл құндақ.
Көрінеді көзіме шешуі жоқ.
Дүние деген құпия, болып жұмбақ.
Тауыса алмаған бақытты бабам жырлап,
Шақырғандай қолдарын далам бұлғап.
Ғашық болып, өртеніп кімді сүйсем,
Салқын тартып, сол болар маған жұмбақ.
Домбырама қоншы кеп көңлід ырғақ,
Көрген түсім барады өңімді ұрлап.
Күн мен түндей келетін кезекпенен,
Өмір жұмбақ, құпия, өлім жұмбақ.
Ауырлаймын...
қонғандай басыма бұлт,
Үмітімді арманға ашына ғып
Құрай алмай жүрмін мен әр белеске –
Өмірімнің әр сәтін шашып алып.
Шөлдеп келіп, өмірге шөлдеп өтем,
Шөлдеп жүріп, болмаспын көлге мекен.
Көп жұмбағын дүниенің шеше алмастан,
“Бір жұмбаққа” айналып мен де кетем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері