Қуыршақ пен Құралай – Кәдірбек Құныпияұлы

Бұл бетте «Қуыршақ пен Құралай» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2231
– Қуыр-қуыр, қуыршақ,
Шаршадың ба күн ұзын?
Шашың әйбат тұлымшақ,
Бұрым болды бір ұзын.
Бесігіңе бөлейін,
Әлдиімді айтайын.
Айға сені теңейін,
Күнге теңеп байқайын, –
Осылай деп Құралай,
Тербетеді бесікті.
Біраздан соң, бұ қалай?
Өзі де ұйықтап кетіпті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері