Көкшеде ғажап сұлу бар

Бұл бетте «Көкшеде ғажап сұлу бар» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкшеде ғажап сұлу бар,
Көрген жан үнсіз қырындар.
Мейірім төккен жүзінде
Жан толқытар жылу бар.
Көргенде бойдың балқуы,
Тұтанар көңіл шалқуы.
Кішкентай ғана аруда
Шексіз жүрек тартуы.
Көрсең көзің қарығар,
Құмартып жүрек қанығар.
Талдырмаш, кербез бойында
Не тілесең – бәрі бар.
Қарай қалса көшеде,
Көз салуды еселе.
Сені мен деп қалып тұр...
– Басқа қазақ, – десе де.
Себебі бар сенбейтін,
Ырымы көп сөнбейтін.
Ол көшеде жалғыз тұр
Мен ешқашан келмейтін.
Сыры да мол сақтайтын,
Мұңы да бар ашпайтын.
Қара жолға қарап тұр
Мен ешқашан баспайтын.

1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшеде ғажап сұлу бар өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Көкшеде ғажап сұлу бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшеде ғажап сұлу бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшеде ғажап сұлу бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері