Есіл мен Көкше – бір аймақ

Бұл бетте «Есіл мен Көкше – бір аймақ» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көк Есіл, кербез, ер Көкше,
Аумайсың алтын аралдан.
Мағжандай дарын ерекше,
Шоқандай дана жаралған.

Қайырмасы:

Көк Есіл жыр байлап,
Сексен көл сырнайлап,
Оқжетпес тұр жайнап.
Аққулы көркем,
Гәккулі өлкем,
Есіл мен Көкше – бір аймақ.
Байтақ ел әнмен ұласты,
«Елім-ай» қалай аңдатпас?!
«Гәккуім» жайса құлашты,
Жұлдыздай жанды «Гауһартас».

Қайырмасы.

Жағаңа қонды, Есілім,
Әлемге әйгі Астанам.
Ақорда ашты есігін,
Бақытқа елді бастаған.

Қайырмасы.

Серілер өшпес салты бар,
Бірліктен ұрпақ жаңылмас.
Құлагер жортқан даңқы бар,
Есіл мен Көкше – бауырлас.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіл мен Көкше – бір аймақ өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Есіл мен Көкше – бір аймақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіл мен Көкше – бір аймақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіл мен Көкше – бір аймақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері