Аққусың жел сындырған қауырсынын – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Аққусың жел сындырған қауырсынын» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аққусың жел сындырған қауырсынын,
Беу, қалқа!
Тағдыр артқан ауыр сырың.
Кездесіп,
Шер тарқатты қайран жүрек,
Назынан рахат алып дауысыңның.
Көп күткен алыс жолдан оралғандай,
Қара көз жаутаң қақты қол алғандай.
Мен тұрдым бір қуанып,
Бір мұңайып,
Көп жылғы өкінішім жоғалғандай.
Қоштасу азап болса өмір берген,
Кездесу жұмақ екен көзім көрген.
Таттым ғой көп сағыныш жұбанышын,
Сүйкімді мезет туып көңілденген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққусың жел сындырған қауырсынын өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Аққусың жел сындырған қауырсынын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққусың жел сындырған қауырсынын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққусың жел сындырған қауырсынын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері