Қайдасыңдар? – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қайдасыңдар?» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тәңірі – қыздар!
Қайдасыңдар?
Не болды?
А.С. Пушкин

Қыз тәңірі, беу, құрбылар,
Қайдасыңдар? Не халде?
Бір көруге қылдыңдар зар,
Жол тоғыспай әуелде.
Сау ма көрік, жанарларың,
Жарқ еткенде жан алған?
Жетпей қойды хабарларың
Жанға рахат саналған.
Қандай екен тұлғаларың
Ерке сылқым еліктей?
Бұрса тағдыр шын назарын,
Көрер едім зерікпей.
Шыдау қайда жігерленбей,
Қалсам, шіркін, бір көріп.
Айырбастап жібергендей,
Кеттіңдер ме өзгеріп?
Балдырған қыз өңдеріңді
Жадымда есен сақтадым.
Өлең етіп өздеріңді,
Ақ тілекті ақтадым.
Жүрген күндер түсер көзге
Тай-құлындай желіде.
Болғам жоқ қой мүлдем өзге,
Танырсыңдар мені де.
Көктем де өтті балбырап,
Жадырап жаз да қоштасты.
Қалжырап қайтем абдырап,
Алтын күз берік достасты.
Көп өзгердім мен жырақта,
Шашым аппақ,
Қудаймын.
Кездесе қалсаң...
Бірақ та
Жақын тартпай тұрмаймын.

10.08.2000.
Бурабай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайдасыңдар? өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қайдасыңдар? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайдасыңдар? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайдасыңдар? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері