Бұл бетте «Ленинградтағы марс алаңында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жатыр алан —
Қызыл гүлден
Қолға Қызыл ту ұстап,
Жатыр алаң —
Қызыл күннен
Қызыл отты уыстап.
Жатыр алаң —
Жалпақ елге әйгілі.
Жатыр алаң — бейне мұхит айдыны
Жатыр алаң —
Дүниеге даңқы асқан.
Жатыр алаң —
Жарқыраған
Гранитті жартастан.
Көк шыршалар
Басын иіп ізетпен,
Көк шыршалар —
Революция құрбандарын күзеткен.
Олар сонау Октябрьдің таңында,
Оққа ұшқан Қысқы Сарай жанында,
Қандары бар Октябрьдің таңында,
Рухтары айналған от-жалынға.
Жатыр сонда, халқым,не бір аяулың,
Бір күрсінбей ете алмайды көкірек,
Жалынменен жазып өмірбаянын
Мәңгіліктің қалған олар оты боп.
Демесеңіз құрбандарда
Тек қимыл жоқ, дауыс жоқ.
Марстың гүл алаңында
Жанып жатыр Марс боп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі