Өлең, жыр, ақындар

Көңіл — күрең

Көңіл — күрең, жүрем сүрең — жайдан жай.
Өмір — сұр рең, қайдан табам жайлы жай.
Шықтым іздеп, дала кезіп — жағажай.
Мәні қайдам, жағажайға толған лай.

Толғанайын, ойланайын тоқтамай.
Тырысайын, шынығайын, жай жатпай.
Бірақ бұдан түк шықпайды, әттең-ай.
Ақыр соңы жетеміз ғой таянбай.

Әрлі-берлі жүрсем дағы — дым таппайм,
Көздегенім бер жағында, жетсем — бай.
Берілмесең жетесің. — деп сыр айтты,
Мына түрім — жететұғын емес-ай.

Кемел — керең, қайда әлем — қайда біз.
Қалдық сүрең; артта, жайда — күрең күз.
Жетсең бекер яки секер болар мұз,
Соңы дұрыс таңдай алсаң болдың тұз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақтабан

  • 1
  • 1

Дала суық, кіттәй күшік — Ақтабан.
Тауып алды — оны Қожа — даладан.
Үйге келіп, әрі-бері жүгіріп,
Мәз болып жүр, тоқтамайды қайтадан.

Толық

Шыңкез

  • 1
  • 0

Шықтым өрмелеп, өрге бір өрлеп,
Өмір — бір өрнек, өнерге жүрек.
Жалғыз шықтым мен, өрде бір бөлек,
Тұрмын төбеде, бәрі көрінеді.

Толық

Арман

  • 1
  • 0

Түн болса да, қар жауса да саған тартар қадамым,
Қарамастан жан-жағыма, бара жатырм, арманым,
Қайда екенін білмесем де берілмейм,
Жүз жыл кетсе дағы жетемін ғой, ерінбейм.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер