Шыңкез
Шықтым өрмелеп, өрге бір өрлеп,
Өмір — бір өрнек, өнерге жүрек.
Жалғыз шықтым мен, өрде бір бөлек,
Тұрмын төбеде, бәрі көрінеді.
Талайы жарар, орыны бөлек,
Тек орын біреу, мені қу талап.
Қуу да — талап, орыны бір-ақ,
Өнерлі шығар, қалғаны қалмақ.
Құр өнер аз-ақ, керегі — жарақ,
Жарағыңды тап, жүрекке қарап.
Терің төгілсе, талай үңілсең,
Адым демалмай, күнде жүгірсең,
Сен де бір күні лайық боларсың,
Бұл шыңға сен де әлі шығарсың.
Өнерің өрге жүзіп шыққан соң,
Алғы қатарда біраз шыдарсың,
Қас-қағым сәтте уақыт зу етер,
Сенің орныңа жаңа дем келер.
Сонда да, сен де, бірден берілме,
Жаңа демің де — сендей бір дене.
Әп деген сәтте уақыт зуылдап,
Жаңа демің де тауысып кетер.
Шыңға жөнелсең, күнде ұмтылсаң,
Биікті көздеп, көзді жұмбасаң.
Күннің нұрына ақырындап шыдап,
Қайта ұмтылып, мұтылмас болмақ.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі