Өлең, жыр, ақындар

Тор айыр

Қараңғы қазақ ұлына,
табандап барып, күң болам!
Надан жастың өзіне,
күң болмағанда, кім болам?
Төзе берем сөзіне,
кей-кей кезі сөз салам.
Жұдырық көрген күніме,
шүкір етіп сау қалам.
Жылдар өтіп, мұңы не,
екіқабат боп жатам.
Өзгермес оның міні де,
надан болар бұл балам.
Кетем десем, түрім не,
жағдаят кедей, не алам.
Амал жоқ деген үнім бе,
Тағдырдан бөлек жол салам.
Шыққанымның мәні не,
далаға емес, үй болып.
Бақытты болу — құны не?
өмірім өтті қас-қағым.
Бақытты болу... құны не?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазам ғазал

  • 1
  • 4

Ару шағым, болған жаным — кіршіксіз таза.
Аққу көріп, шыққан сүйім — сен маған қарап.
Ғашық болып, талай созып: — Әй, таптым амал!
Шештім өзім: болса сезім — мен жазам ғазал!

Толық

Ажал

  • 1
  • 1

Келер қыста, келер жазда, сұрамас,
Бейуақытта, не десең де тыңдамас.
Қонақ деме, кетер емес, ол жалғыз,
Алып кетер, сені бірге, аямас.

Толық

Жауап іздесең

  • 1
  • 2

Іздесең де біреуден керек жауап,
Көңіліңе жаға м'екен келген талап.
Хақ болатын шындығы жасыр жатыр,
Сыртта емес, ішінде; ақтар қарап.

Толық

Қарап көріңіз