Ақтабан
Дала суық, кіттәй күшік — Ақтабан.
Тауып алды — оны Қожа — даладан.
Үйге келіп, әрі-бері жүгіріп,
Мәз болып жүр, тоқтамайды қайтадан.
Сүп-сүйкімді, шоқ шырайлы, сымбатты,
Міне сипат, беріп қойған Қожа-жан.
Анасынан рұқсат алып, ант етіп,
Ақтабанды бағам депті Қожа-жан.
Күні-түні зыр жүгіріп ойнайды,
Ақтабаннан Қожа адым қалмайды.
Дала кезіп, жайлау кезіп, безеңдеп,
Кір-қожалақ, бір-бірінен аумайды.
Түсте келіп, бір жуынып, тамақ жеп,
Қайта шықты, тоқтамайды, түз шарлап.
Бала қуып, мысық қуып, шаң-тозаң,
Ыржың-ыржың, мәз болды ғой екі жан.
Кешкі асқа қайтып келді екі дос,
Еш уайым жоқ, жазғы кез ғой, басы бос.
Тамақ ішіп, бір жуынып, шайынып,
Жата қалды, пыр-пыр етті, шаршап қос.
Таң атысы, кеш атысы, күнде де,
Бір қыдырып, бір ұйықтап кетсе де,
Тоқтамайды екеуі де, секеңдеп,
Екі егіз, екі жігіт, екі дос.
Солай өтті жазғы уақыт, келді күз,
Мектебіне Қожа кетті, қайта түз.
Ақтабанын қасына ап қоймайды,
Оған апай ұрсып берді айғайды.
Ата-анаңды шақыра ғой, қарағым,
Келсін бері, сөйлесейік, шырағым.
Ата-анасы келіп еді. сөйлесті,
Ұл не істеді, ана жаққа қарағың.
Ақтабаның көп құтырып, ырбыңдап,
Мұғалімге секіріпті, жырбыңдап.
Балалардан қалмапты ғой сол күні,
Сәл қорықса жүгіріпті ырылдап.
Сабақтан соң Қожа келді, мұңайды,
Ата-анасы құралақан тұрмайды.
Жан досым ғой, қалай байлап қоямын.
Байламасаң бере салам, қоймаймын.
Ақтабанға бір шынжырды сыйлады,
Ол қырсығып, орнында тұрмады.
Күні-түні қыңсылдады, жылады,
Қожа келсе сол сәтте-ақ шырайлы.
Уақыт өте Ақтабаның тыныш боп,
Байланса да өмір қызық, тамақ көп.
Қожа досым көзге түссе болды ғой,
Отырайын күні-түні сері боп.
Қожа күнде ойнады — досыменен,
Сабақ алды және де — сабақтан кейін.
Бірақ бір ай өтті-ау, өзгерді ол,
Сабақтан соң далаға шыққаныменен.
Досым Қожа келмейді, ойнамайды,
Есейді-ау, достасты, адамменен.
Арасында тамақ беріп, бір сипайды,
Тек керегі ол емес, көңілі-ау…
Тағдырыма бой ұсындым, не етем,
Адал болсам, үй қорғасам — мен бекем.
Үміт артты, күзет болдым, кетпеспін.
Қонақ келсе бір тоқтамай үрермін.
Айың өтті, маусым өтті, жыл өтті.
Бір жыл емес, талайы бір зу кетті.
Қожа бала ер жетіп, оқу түсіп.
Ақтабаның кәртейді, тісі түсіп.
Өмірімнің мәні не, пайдасы не,
Қонақ келсе үргеннің қайыры не.
Тамақ ішіп, ұйықтап, дәрет етіп,
Бір орында тұрмын ғой, кісенделіп.
Шығам десем түсінбейді аға-апа,
Ырсылдасам, қыңсылдасам бір қарайды.
Айтар сөзім оларға түсініксіз,
Қожаменен бір сөйлессем ұғар еді.
Қожа кетті, тастады, аулақ кетті,
Ауладағы тірі жан, бірақ жетім.
Күнде тамақ берсе де, керегі сол ма,
Тірі болғым келеді, бір-ақ жеті.
Айың өтті, маусым өтті, жыл өтті.
Бір жыл емес, талайы бір зу кетті.
Қожа өсіп, бірталай уақыт өтіп.
Отбасымен ауылға қайтып келді.
Әке, әке, мынау кім, Ақтабан ба?
Иә, балам, досым болған, ол қашанда.
Сенімен жасты кезімде, мен тауып ап,
Талай ойнап, қыдырып ек, біз далада.
Сол кездерге қайтып барсам, қыдырсам,
Жан досыммен қайта секең ойнасам.
Әттең, қайтып келмейді, ол жастық шақ,
Жан досым да қартайыпты, қарасақ.
Ақтабан да бір қарады Қожаға,
Бірақ сенбей, жата берді алдында.
Қожа мені тастап кетіп кезінде,
Енді қайтіп келді м’екен, сонда, а?
Бір иіскеп баласын, бір Қожаны,
Көз алдында жастық шағы зырлады.
Осы Қожа досым б’екен, жауым ба.
Содан өзі бір тоқтамай жылады.
Меруерт
Өте күшті