Өлең, жыр, ақындар

Есіңді жи

Есіңді жи, бауырым,
Жүрсің ғой — сен — ауырып.
Дертің сенің — дауа емес, дуана,
Күні-түні бекер жүру қаңғыра.

Өмір қысқа, бүгін барсың, ертең жоқ,
Бүгін жанған, ертең өшкен болдың шоқ.
Қаның қайнап, шоғың өшпей тұрғанда,
Басқын қадам, басқа амал енді жоқ.

Білім ізден, тірлік ет те, қадам бас,
Бір орында тұрма енді, болсаң жас.
Жасың кетер, үлкен баққа жетерсің,
Оған дейін талай уақыт бар дерсің.

Қателестің, уақыт ертең таусылар,
Мың жұмаң да зу етіп-ақ жоқ болар.
Ертең-ертең; уақыт созып жүргенше,
Денсаулығың қарап тұрмас, қалжырар.

Бүгін баста; байқамай-ақ зу етер,
Уақыт жылдам, әй дегенше бір-ақ кетер.
Ойын қуып, нәпсіқұмар болғанша,
Тағдыр жолы өте-өте таусылар.

Мақсат қой да, арманыңа — аман жол,
Сол жолыңда ар ойла да, адал бол.
Кірпіш-кірпіш дүниеге қалан да,
Бейбіт жолда өмір сүрсең амал сол.

Қоғамыңа, жақыныңа баз болма,
Дара жүрек қалар ертең қайғыра.
Адам деген әлеуметпен сүрмес пе,
Онсыз жаны атырапта жүрмес не.

Бол қоғамның я әлемнің бөлігі,
Ортақ іске керек әрбір жанның білегі.
Менмендікке берілмегін, жағдай бақ,
Болдың ертең адамзаттың дамуына тірегі.

Жолдан таймай, жүре берсең егер сен,
Өмір ұзақ, күнде тірлік істесең.
— Мәні қайда? — деп ойланып талай рет,
Жауабына ең соңында жетерсің.

Жетер жолдан таймау үшін сен енді,
Айтқанымды зерделе де, шеш енді.
Жүремісің бекер шошқа тағалап,
Сүремісің атыңды мәңгіге қалап.

Есіңді жи, бауырым,
Жүрсің ғой — сен — ауырып.
Жүрсең де егер қаңғырып,
Жетер жерің сол баяғы мәңгілік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл — күрең

  • 1
  • 0

Көңіл — күрең, жүрем сүрең — жайдан жай.
Өмір — сұр рең, қайдан табам жайлы жай.
Шықтым іздеп, дала кезіп — жағажай.
Мәні қайдам, жағажайға толған лай.

Толық

Шыңкез

  • 0
  • 0

Шықтым өрмелеп, өрге бір өрлеп,
Өмір — бір өрнек, өнерге жүрек.
Жалғыз шықтым мен, өрде бір бөлек,
Тұрмын төбеде, бәрі көрінеді.

Толық

Арман

  • 1
  • 0

Түн болса да, қар жауса да саған тартар қадамым,
Қарамастан жан-жағыма, бара жатырм, арманым,
Қайда екенін білмесем де берілмейм,
Жүз жыл кетсе дағы жетемін ғой, ерінбейм.

Толық

Қарап көріңіз