Өлең, жыр, ақындар

Көңіл — күрең

Көңіл — күрең, жүрем сүрең — жайдан жай.
Өмір — сұр рең, қайдан табам жайлы жай.
Шықтым іздеп, дала кезіп — жағажай.
Мәні қайдам, жағажайға толған лай.

Толғанайын, ойланайын тоқтамай.
Тырысайын, шынығайын, жай жатпай.
Бірақ бұдан түк шықпайды, әттең-ай.
Ақыр соңы жетеміз ғой таянбай.

Әрлі-берлі жүрсем дағы — дым таппайм,
Көздегенім бер жағында, жетсем — бай.
Берілмесең жетесің. — деп сыр айтты,
Мына түрім — жететұғын емес-ай.

Кемел — керең, қайда әлем — қайда біз.
Қалдық сүрең; артта, жайда — күрең күз.
Жетсең бекер яки секер болар мұз,
Соңы дұрыс таңдай алсаң болдың тұз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есіңді жи

  • 1
  • 0

Есіңді жи, бауырым,
Жүрсің ғой — сен — ауырып.
Дертің сенің — дауа емес, дуана,
Күні-түні бекер жүру қаңғыра.

Толық

Қой мен шошқа

  • 1
  • 1

Кең байтақ дала, екі қора,
Баққан бірі қой, бірі шошқа.
Екі малшы жұмыс істеп, күн көріпті,
Өмір оңай емес қой, жүрсең босқа.

Толық

Тор айыр

  • 1
  • 0

Қараңғы қазақ ұлына,
табандап барып, күң болам!
Надан жастың өзіне,
күң болмағанда, кім болам?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер