Өлең, жыр, ақындар

Қой мен шошқа

Кең байтақ дала, екі қора,
Баққан бірі қой, бірі шошқа.
Екі малшы жұмыс істеп, күн көріпті,
Өмір оңай емес қой, жүрсең босқа.

Шошқа баққан келіпті қойдікіне,
— Қораң әйбат болыпты, менікінен.
— Рахмет-рахмет, серіктес, сен де шақыр,
Барып көрейік, бір күні, сенікіне.

Шошқа баққан кетпес те, күнде келер,
Қой баққанды мақтап қойса, әлгі сенер.
Келіп-келіп күнде сол, жалмаң қағып,
Бір күні-ақ байқаусыз құлады бетер.

Құлап қалып шошқашы, дуал тесті,
Шытынады қорасы, қойшы састы.
— Айбый, ұят болды ғой, кешір, қойшы,
Біздің қора бар емес пе, келсейші енді.

Сөйтіп қойшы көшіп барды сол жаққа,
Қойларын да алып барды, ай, қасқа.
— Әйбат қора екен сенікі де.
— Жайғасып ал, үйдегідей бол. — деді шошқа.

Бірге тұрып екі малшы, әйбат болды,
Шошқаларға қойлары жақпай қойды.
Сол қойларды кемсітіп, тамағын жеп,
Оны көрген қойшы не істерін білмеді.

— Әй, шошқашы, не істейік, білмеймін.
Шошқаларың қойларымды тістеді.
Тамағын да қайта-қайта жеп қояды,
Екі бөлек бөліп қояйық өздерін.

Шошқа баққан бақташы қаша алды,
Қойларды содан бір бөлек жиып салды.
— Бақпаймысың енді өзі, қойларыңды,
Осыны да істеуім керек пе мен өзі.

Өстіп қысың келіп қалды далаға,
Қойшы қайтайын десе, қыс алда.
Қорам енді жөнделмеген, күн суық,
Қала тұрайын осында, амал бар ма.

Байқап қалды қойшы енді бір күні,
Өз таңбасын жапсырыпты шошқашы.
— Неге сенің таңбаларың тағылған,
Қойлар деген менікі емес пе, бағылған.

— Қора енді менікі қой, байқасаң,
Шаңыраққа қарасаңшы, әй, қасқам.
Қорамды да тоздырдыңдар, байқасаң,
Таңба тақсам не болыпты. — деп шошқаң.

Қойшы оған көне салды, дым демей,
Ертеңгүні қырқып тастапты: — Қойды емдейм.
Жүнсіз жүрген пайдалы ғой, қойларға,
Терлеп-тепшіш өліп қалмай ма, масқара.

Дым дей алмай қойшы көнді бұған да,
Қойлары енді жалаңаш боп тұрмай ма.
— Қойың сенің ауырып қалсын демесең,
Жағайын мына гүлді үстеріне.

Қойшы айтып бірдеңе, қарсы шықса,
Шошқа баққан бақташың аузын жапқан.
— Әй, қойшы-ау, тыныш отыршы,
Өз қорамда не істеймін, өзім білем.

Уақыт өте қойлары қызыл бопты,
Дәл шошқаға өздерін ұқсатыпты.
Қолына бір бұтақты алып алып:
— Қорс-қорс етің! — деп шошқашы айғайлапты.

Кейбір қойың қарсы шыққан, келіспей,
Келесі күні қуырдақ жеген, бөліспей.
Қойшы, байғұс, сүмелек боп қалған-ды,
Қойлары да оған қарап жылады.

Уақыт өтті, қойлар біраз азайды,
Қойшы байғұс енді қарсы шықпайды.
Ақыр соңы қойлары да қызарып,
Шошқаларға ұқсап қапты, сыңайлы.

Қорс-қорс етті талай қойы, масқара,
Жүн өскенге қарап қалды сескене.
Мен шошқамын! — деп ойлаған өздері,
Қой атынан жиіркеніпті, жасқана.

Наурыз келді, жаңа маусым, жаңа жыл,
Маңыраған қойың енді қалмаған.
Қорс-қорс етіп жүгірген-ді әрі-бері,
Сөйтіп жүріп дуал тесті байқамай.

— Әй, қойшым-ау, әңгүдік, не істедің,
Қабырғамды шытыннаты қойларың.
— Қой емес қой, қорсылдаған шошқа ғой,
Не істейік, шошқашы, ойланайық.

Алай-былай қырылысып, айқасып,
— Кет бар, жоғал! — депті бас қасып.
Қойшы кетті ақыры, ұзақ тұрмай,
Қорасына жетіп барды, қойын тасып.

Жамап алды қабырғасын өте тез,
Суық болмас енді қыста, сондай кез.
Былтыр түскен жүнін қойлар бір көріп,
Кім екенін естеріне түсірген-ді.

Қызыл гүлдің түсі де кетті аздап,
Уақыт өте жүні де өсті аз-аздап.
Бір-біріне қарап қойып өздері,
Маңырапты қайтадан, кетті азап.

Қарап қой арасында кімдігіне,
Ұқсаса да екі жануар бір-біріне,
Араласса да қанша рет мәні, қаны,
Бола алмас бірдей тәні, жаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазам ғазал

  • 1
  • 1

Ару шағым, болған жаным — кіршіксіз таза.
Аққу көріп, шыққан сүйім — сен маған қарап.
Ғашық болып, талай созып: — Әй, таптым амал!
Шештім өзім: болса сезім — мен жазам ғазал!

Толық

Шыңкез

  • 0
  • 0

Шықтым өрмелеп, өрге бір өрлеп,
Өмір — бір өрнек, өнерге жүрек.
Жалғыз шықтым мен, өрде бір бөлек,
Тұрмын төбеде, бәрі көрінеді.

Толық

Арман

  • 1
  • 0

Түн болса да, қар жауса да саған тартар қадамым,
Қарамастан жан-жағыма, бара жатырм, арманым,
Қайда екенін білмесем де берілмейм,
Жүз жыл кетсе дағы жетемін ғой, ерінбейм.

Толық

Қарап көріңіз