Кез-келген ақынның шығармалары оқырманды ойландырмай қоймайтыны анық. Онда қозғалатын әңгімелер, адам бойындағы қасиеттер әрбір жанды түрлі әсерге бөлейді. Осы орайда өзінің шығармаларын тәрбие құралы ретінде арқау еткен Абай атамыздың рөлі зор. Қазіргі қоғамда аты аңызға айналған Абай Құнанбайұлын танымайтын жан бар ма? Абай деген есімді естіген кезден-ақ жүрегіміз елжіреп кетері хақ. Абай Құнанбайұлы- қазақ халқының ұлы ақыны, философ, жазушы, аудармашы әрі әлемдік мәдениетке үлес қосқан тұлға. Абайдың шығармашылығы тек қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл әлем мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналды. Абай атамыздың қандай да бір өлеңін, қарасөзін, шығармаларын алсақ, үлгі-өнегеге толы екенін бірден байқай аламыз. Онда парақор байларды, жалқау, надандықтан арыла алмайтын халықты сынға алады. Адамды ғылым-білімге баулып, адамның бойында қасиеттерді жақсы не жаман деп жіктеп көрсетеді. Оны “Ғылым таппай мақтанба” деген өлеңде ашып жеткізген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой Бес асыл іс, көнсеңіз.- деген жолдардың өзінде жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үйренуге, үлгі тұтып өсуге шақырады. Дәл осылай Абай Құнанбайұлы есімі тек қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл әлемге танылған. Шығармалары түрлі тілдерге аударылып, әлемнің түкпір-түкпірінде оқылып, талқыланды. Қазіргі таңда Абай Құнанбайұлының қарасөзі өзекті әрі көпке белгілі. Қара сөздердің қай-қайсысын алсаңыз да бірінен-бірі өткен ащы шындықты алдыға тартады. Абай Құнанбайұлының терең ойлары мен көзқарастары қазіргі заманда да өзекті болып табылады. Ол өлеңдерінде адамды өз күшіне сенуге, рухани тұрғыдан таза болуға, өз өмірін дұрыс бағытта қалыптастыруға шақырады. Қазіргі жастардың арасында көбінесе мансап пен материалдық байлыққа ұмтылу сияқты уақытша құндылықтар артып, рухани құндылықтарға назар азайып бара жатқан кезеңде Абайдың шығармалары бұл балансты сақтау қажеттілігін еске салады. Қоғамда ұлы тұлғаның шығармалары адамгершілік, білім мен ғылымның маңыздылығын насихаттауда, жастарды дұрыс тәрбие мен бағытпен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Сондықтан Абайдың мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін өмірлік бағдар, рухани тірек болып қала береді. Алдағы уақытта әлемнің әр мекені Абай атамызды танып, шығармаларын оқитын болса, біздің әлем жақсы жаққа өзгерері сөзсіз.
Жанель
Керемет????????????????
Baknur
Керемет мақала екен, Абай атамызды құрметтейік
zhaneltalapkyzy
????????????????????????????????