Ескелдіде – Аян Жұмажанұлы Төлебаев

Бұл бетте «Ескелдіде» атты Аян Жұмажанұлы Төлебаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ескелдіде
Баянаула толы киелі мекендерге
Дарындары үлгі болған әркімдерге
Ниет етіп, ой жетелеп көңілменен
Мен де келдім міне, бүгін, Ескелдіге.

Раббым Алла бір өзің жәрдемдескін
Әрбір пенде Құдайға мұқтаж міскін
Рухына тыныштық пен медет тілеп
Мәшһүр ата басына кеп сәлемдестім.

Қайран баба жазғаныңа тамсанамын
Еңбек етіп тынымсыз арқаландың
Білімнің бар асылын бойға жиып
Сөзіңмен алты Алашты таңғалдырдың.

Қазыналы өлеңдерін ойға тоқып
Зияратқа келген адам кетер толқып..
Таңғы самал желдетіп, көңіл сыйлап
Кесенеге көтерілдім, Ясын оқып.

Жан салмаған алдына өлең – сөзде
Мекені болған екен тастақ түзде.
Саңқылдаған сұңғыла әулиенің
Естіліп тұрғандайын үні бізге..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескелдіде өлеңінің авторы кім?

Аян Жұмажанұлы Төлебаев — осы өлеңнің авторы.

Ескелдіде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескелдіде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аян Жұмажанұлы Төлебаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескелдіде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері