Кездескенде қыстың әлсіз қолымды
Бұл бетте «Кездескенде қыстың әлсіз қолымды» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кездескенде қыстың әлсіз қолымды,
Білгің келіп бәрін ішкі хал-жайдың.
Сенің мәңгі күтер едім жолыңды,
Бірақ мәңгі өмір сүре алмаймын...
Талай рет тиді тасқа маңдайым,
От сезімге ерік беріп, ес кетіп.
Бұлқынғанмен не тындырам, әрдайым
Маған бақыт кездеседі кештетіп.
Көп күтуден шаршадым ба әлде мен,
Есту үшін бір сөзіңді ағалық?
Батқан кешпен, атқан үміт таңменен,
Қара шашым бара жатыр ағарып...
Көрінетін бәрі алдымнан, алдымда,
Қайшылыққа тіршілік бай не деген?
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі