Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы майдан: Бәрқубия

Халл шөлі мен Аламун,
Тегіс келген жазықтық.
Бөліп жатқан арасын,
Мыңнан аса қашықтық.
Шөп өспеген ұдайы
Шекарасы аз да көп.
Тақыр дала ұдайы
Көгермеген қара көк.
Солтүстікке созылған
Шығысында Юлевик.
Тау-қыратын жалғаған
Төбе іспетті биіктік.
Әлемнің дәл қақ ортасын,
Шайқап жатқан кеңістік!
Зұлымдық қол сұққасын,
Ендеше амал нешік!
Әл-Амунның түбінде
Мыңға жуық қол жиды.
Жаһаннәмға жібермек
Қарғыс атқан Қиырды.
Гүлденгені күйінде
Бастары міне иілмек.
Көтергені күйінде
Тізелері бүгілмек.
Шығысында бүйірден
Жетпіс түмен төгілмек.
Теріскейден екі мың
Шөл-шөлейтке үйілмек.
Аламунның артынан
Дұшпанын әсте түйремек.
Бұйырғанша бір арман
Баршах кентін күйретпек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз