Анаға алғыс

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ризамын сізге жан ана,
Тастамай бізді далаға.
Қиналсаң-дағы жүгіріп,
Өсірдің бізді қалада.

Қырқымнан шықпай жатып-ақ,
Алып шықтыңыз жұмысқа.
Жасанды сүтті ішкізбей,
Тойдырдың нәрлі уызға.

Қалаған затты әперіп,
Қайда барсаң да көтеріп.
Жәутеңдетпедің жат қолда,
Ойыншықты үйіп әкеліп.

Тілімді жастай дамыттың,
Әріпті өзің таныттың.
Оқуда озат болуға,
Бар жігеріңді салыпсың.

Сіз жазып берген тақпақтар,
Әкелді орын, мадақтар!
Талдау жасауды үйреттің,
Пайда алып терең сабақтан.

Қазақ пен орыс, ағылшын,
Тілінде сөйлеп көрсеттің.
Сөйлемді дұрыс құрауға,
Білемін, қанша тер төктің.

Еш кетпей бүгін еңбегің,
Ұл-қызың сыйлы мектепте.
Анашым  - жарық жұлдызым,
Жана беріңіз биікте!

Мен сізден алып зор тәлім,
Үлгілі адам боламын.
Ұстаздық жолын жалғаймын,
Түзетер қазақ қоғамын!

Жасай бер, жайнап анашым,
Әр күнің болсын мереке!
Сіз барда біздер бақытты,
Айнала толы береке!

Гүлмекен Қасенбай
01.03.2025


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анаға алғыс өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Анаға алғыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Анаға алғыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анаға алғыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.