Бауырларым – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Бауырларым» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бірге өскен тай-құлындай бауырларым,
Қартайып бара жатыр міне алдың.
Қимаймын қарттыққа мен ешбіріңді,
Сағынам естілмесе дауыстарың!

Бөлісіп әулеттің бар қуанышын,
Қайғырса - бауыр үшін жылап ішің.
Қиналса - жаның жасып мұңаясың,
Қуанса - мәз боласың солар үшін.

Шырқырап солар үшін күйіп-пісіп,
Жүресің жиын-тойда жүгірісіп.
Бауырдың ұл мен қызы жақсы болса,
Марқайып, мақтанасың өзімсініп.

Бар болшы бірге туған жақындарым,
Әрқайсың маған қымбат асыл жансың.
Отбасы, бала-шағаң аман болып,
Бар болсын ортамызда жан анашым!

Гүлмекен Қасенбай
23.03.2025


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырларым өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Бауырларым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауырларым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауырларым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар