Өлең, жыр, ақындар

Мықты екен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тіл қатпай жатсаң да сөзіме еш мәнсіз,
Тоқтаусыз таңғалам.
Көңілі патшадай недеген кең жансыз!
Маған мұң салмаған…

Мендегі махаббат - үздіксіз шыдамды
Жүйкеге тиетін.
Бойымнан таптың ба бір қылық ұнамды?
Жүрегің сүйетін.

Ай, қайдам… Сенбеймін оған да,
жауабың жоқ маған.
Миллиард аруы қаптаған ғаламда
Мен саған тоқталам.

Тілдесіп. Сырласып. Даусыңды естідім.
Ақ үнің бақытқа бөледі…
Сәттерде жел тыныш, жып-жылы, кешқұрым.
Қайтадан сөйлескім келеді.

С. А.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мықты екен өлеңінің авторы кім?

Саят Асылбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Мықты екен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мықты екен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Саят Асылбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мықты екен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері