23 февраль – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «23 февраль» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5055
Февраль ғой белгілі
Түсіп жатыр қар шұбап.
Біз отырмыз бұл күні
Мерекені қарсылап.
Қайда болдық, жазулы
Медальдардың жүзінде,
Атағымыз қазіргі
Тұр әскери тізімде.
Дастарқанға бір дүкен
Қөшіп келіп, көлбеді.
Ортамызда ең үлкен
Жолдас майор сөйледі.
— Еске түсті солдаттық
Мен болдым ғой жол бастар
Ал кәнекей,
бір тарттық,
Лейтенанттар, жолдастар.
Отыздарда жасымыз
Жасықпыз ба, осы біз.
Келіншектер күлгендей,
Ағарыпты шашымыз.
Торлады өлім әр түні
Жасыратын жоқ халім.
Ұрған шығар салқыны
Зуылдаған оқтардың.
Қартаймайтын мәңгілік
Сау болыңдар, солдаттар!..
Рюмкалар қағылып,
Ішімізде жанды оттар.
Майданға әнмен барғандар
Тұра ала ма әнді айтпай?
Қақпа алдында жауған қар,
Февраль тұр солдаттай.
1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

23 февраль өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

23 февраль өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

23 февраль өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

23 февраль өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері