Феруза хикаясы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Феруза хикаясы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2816
Копетдагта Феруза ағаш
Келген заман зарын ұқпай.
Көп жыл тұрған көзінде жас
Талып түскен таңғы шықтай.
Құздан құлап жатыр ағын
Бауырында тас жотаның.
Сонда ол жайған жапырағын
Табанындай жас ботаның.
Сонда ол өскен шынар ағаш,
Шырқап биік шың басына.
Басқалардан тұр ол оғаш,
Сыбырлап тау жылғасына.
Ғасырларды басып өтіп,
Кеткен тарап елде аңыз.
Тұтқындаған ғашық етіп,
Талайларды Феруза қыз.
Көгілдірдей көлде жүзіп,
Аппақ бұлттан айнымаған.
Түнде ылғи көзін сүзіп,
Аспанынан ай құлаған.
Шынарына назар ауып,
Гүлдеп өсіп тұрған бақтың.
Келген сұмдық хабар алып,
Шапқыншысы Иран шахтың.
Түркімендер тұрып алған,
Бермейміз деп Ферузаны.
Тау үстінде тұнып қалған,
Қара бұлттай кек ызалы.
Тағдыр торын жайған алға
Жауыққан ел екі арасы.
Шыққан жайнап
қан майданға
Ферузаның жеті ағасы.
Талайлардың қалған басы,
Жолды тосқан жортуылда.
Қара көздің тамған жасы,
Құлап өзен толқынына.
Кешсе-дағы ауыр жолды
Иран шахы тайынбаған.
Қара тулы қалың қолды
Қанды айқасқа дайындаған.
— Ферузаның атамекен,
Түркіменде қоныс жері,—
Деп Иранға қатал-бекем
Байлау айтқан орыс елі.
Ығысты жау ұлы елден,
Құдіретін жаңа танып.
Феруза қыз күлімдеген
Арқа сүйер аға тауып.
Таудан құлап жатыр ағын
Сипайды оны жел еркелеп.
Ферузаның жапырағын
Тұрмыз біздер көлеңкелеп.
— Болма көзді қадап алаң,—
Деп ескертіп Иран шахқа.
Қарайды алыс ала баған —
Шекаралық тұрған сапта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Феруза хикаясы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Феруза хикаясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Феруза хикаясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Феруза хикаясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері