Қорықпаймын ғайбаттардан бораған

Бұл бетте «Қорықпаймын ғайбаттардан бораған» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1310
Мақсат-алыс, өмір шақ.
Абай

Жесірлерін қаңғытып,
Жетімдерін жылатпаған ел едік,
Ұлтқа қарсы мұңсызды ұнатпаған ел едік,
Көңіл түссе көл едік,
Хас дұшпанға шөл едік,
Көкбөрідей көп едік,
Елдің қамын жеп едік.
Алпамыстай айбатты ек,
Қобландыдай қайратты ек.
Неге жеттік біз бүгін,
Көңілі бұл қазақтың,
қарашаға бергісіз құлазыған күзгі күн.
Жабырқатты-ау жұртымды,
Тілсіз, ділсіз
көп мәңгүрт ұстап елдің тізгінін.
Катон жақта отырған,
әлдеқашан ұмытқан
қараша үйдің түндігі мен үздігін.
Тілге тірек болмаған
сыйлар дейсің сізді кім?
Сүйер дейсіз бізді кім?
Ұлтымның рухы
сен ешқашан қартайма,
Кемсіткенін қазақты келімсектер байқай ма?
Қызы сұлу,
қысы ұзақ таңғажайып осынау,
Оралхан да сағынып,
оралғандай Алтайға.
Шекесінен қараған күні кеше кімсің деп,
Қашып жатыр жан-жаққа
шенеуніктер біртіндеп.
Ұялмаған ұлттан,
Туған жердің асты-үстін тонап алып шулатып,
қашып кеткен құрықтан,
Олар ата-баба салт-дәстүрін
балабақшада ұмытқан.
Олар қасиетті қарашаңырақ пен
киелі табалдырықты ұмытқан.
Оларды кімдер қалай өткізген
бас айналар баспалдақты сұрыптан.
Етегіне таулардың
қабат-қабат ғимараттар салдырып,
Қытай, араб, үнді... асып,
қымбат-қымбат алуан бұйым алдырып,
Беліңдегі ұрықты қонақ үйде... шет елде
бәденді жас қатынның
жатырында қалдырып,
Кеткен сонау жеркенішті түн құрсын.
Ділі бөтен, тілі жат биліктегі әлгіндегідей
жандардың,
Қайранда-қайран қазақтың сөзін сөйлеп,
жыр жазып,
Алдына барған күн құрсын.
Мың құбылған алмағайып алыпсатар заманда,
Жүректегі зарыңды сенің кім білсін!..
...Қозғайтұғын шерлерін бір әдемі ән күтті ел,
Көз ұшынан көрінер аламанда шаң күтті ел.
Шалқайып жүр ортада Тәуелсіздік тірегі,
Ата заңды аяулы,
аттап өткен мәңгүрттер.
Қазағымның басына
туғандай боп нұрлы күн,
Оңға баса бастады-ау кері кеткен тірлігім.
Абыздардың абызы
Шығысымда Ұлы Абай
рухымды күзетіп,
ескерткіш боп тұр бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорықпаймын ғайбаттардан бораған өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қорықпаймын ғайбаттардан бораған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорықпаймын ғайбаттардан бораған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорықпаймын ғайбаттардан бораған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері