Өлең, жыр, ақындар

Не үшін

Көңілімде бір мұң барын жасырдым,
Сезімдерден шаршағасын басылдым.
Жанымдағы адамдардан суынған,
Ей, жүрегім… шаршадың ау шаршадым.

Жақын жанды алыстаған дос қылдым,
Айта алмадым, бәрін іштен бос қырдым.
Үнсіз жүрдім, үндемедім ешкімге,
Үнсіздігім мені неге тас қылдың?

Анау-мынау, өткенді сұрай берме!
Осы неге жылату ұнайды елге?
Анық басып, асықпай жетем әлі,
Ей жүрегім, бұл сынақтан құлай көрме!

Кешіре алмай, мен де кейде шаршадым,
Жақсы көріп, жырақ кеттім, қанша күн…
Алыстау — бұл өкпе емес, бұл — амалым,
Жақын болып көрінгенмен, алшағым…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соңғы өлең

  • 0
  • 0

Сен мені іздемедің, іздемегің.
Табалдыңба? басқа жанды іздеп едің.
Ойласам жазған екем мұңды шумақ,
Өзіңе арналған бұл соңғы өлеңім.

Толық

Сағымдай бұлдырадың (жаңа нұсқа)

  • 0
  • 0

Сенсіз ай - жарық түнде, мұңға кеткен.
Жұлдыздар да жылағандай үнсіз көктен.
Сағынышпен сарғайған бар ғұмырым,
Сенсіз өткен түндерге азап шеккен.

Толық

Оян қазақ! Көзіңді аш, қара!

  • 0
  • 0

Оян, қазақ! Көзіңді аш, қара!
Құлы бопсың орыстар мен сарыға.
Білім емес, ақша ойлаған
Бас имексің бастық айтқан дараға.

Толық

Қарап көріңіз