Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан,
Аппақ дала, аппақ түн, атар ақ таң.
Ақ қанатын жайғанда ақ ұлпалар,
Аппақ сезім еседі әр тараптан.

Терезені ақ аяз өрнектейді,
Оюласын, тоқысын өрмек мейлі.
Көңілімді менің де бір сағыныш,
Ақ мамыққа сәбидей жөргектейді.

Аппақ көңіл, кіршіксіз, аппақ дала,
Арман құшам дәл осы шақта ғана.
Ақ сезімге мендегі іңкәрлікті,
Алайыншы есіме сақтап қана.

Қар ериді, жауады, құрғамайды,
Еншісінде уақыттың сырғанайды.
Аппақ қыста біз кешкен естеліктер,
Шым-шымдап ет жүректі тырналайды.

Қысқы ақ түн арбайды кейде мені,
Махаббатқа ұқсайды кей бедері.
Аппақ қарға әр жерде түседі әлі,
Жүректердің сызылған бейнелері.
Айгүл Әбдіқадырқызы Анашбекова


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан өлеңінің авторы кім?

Айгүл Қадыр — осы өлеңнің авторы.

Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айгүл Қадыр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар