Қарттық пен жастық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қарттық пен жастық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2339
Қызды көрдім билеген «От» биіне,
Тұрды алдымда мұңлы дана дүние,
Тұрды алдымда нұрлы жаңа дүние,
Еліктірді екеуі де күйіне.
Бірде су боп сылдырлап үн қатқандай,
Бірде орманнан жапырақ ұшып жатқандай.
Бірде аспанға алтын көпір тартқандай,
Бірде жұлдыз жалт-жалт етіп аққандай.
Бірде дауыл, бірде лаулап от шалқып,
Бірде дабыл, бірде садақ көк тартып,
Бірде Үнді мұхитындай атылып,
Шапшиды кеп найзағайдан от тартып.
Кейде жеңіл періштедей қимылы,
Кейде қоңыр теріскейдей би мұңы,
Үндістанның жайған қарттық,
жастығын
Бұл таланттың қайталанбас сыйлығы,
Барлық тарих солай бимен оқылды,
Бишіл ерке қасыма кеп отырды.
«Оттың» биі біткенменен,
не керек,
Сөндіре алмай отырмын мен отымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарттық пен жастық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қарттық пен жастық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарттық пен жастық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарттық пен жастық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері