Несіп – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Несіп» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 850
Келе жатқан кəдiмгi,
Несiп деймiн,
Балалардың даукесi
Өзi – «дөйдiң».
Шақырайған ыстықта
Етiк киiп,
Мазағына қалып жүр
Несiне елдiң?!
Сөйтсек оның мəнiсi,
басқада екен,
Лəңгi ойнапты баламен,
Асқар деген.
Қайта-қайта жеңiлiп,
кеше өзi,
«Малай» болып жүгiрген
қасқаң екен.
Несiп деген намыс жоқ,
бала ма едi,
Жаманатқа осылай,
қала ма ендi.
Өшiн алу үшiн ол
Сəске түспей,
Асқарды iздеп асығып,
барады ендi!
Етiк киiп алды ол
əдейiлеп,
«Лəңгi тепсең қонышы
əдемi», – деп.
Асқарды iздеп келедi
Шыдай алмай
Бүгiн қайтсе жеңбекке
дəмелi боп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Несіп өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Несіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Несіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Несіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері