Жаттығу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаттығу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3044
Көрген кезде таң қалғам
Қимылына бірден мен.
Сөйтсем, Арман аңдардан
Жаттығуды үйренген.
Өзіміздің мысық боп,
Елден бұрын тұрады.
Салқын суға түсіп кеп,
Беті-қолын жуады.
Төсек орнын жинап боп,
Бастайды ол ойынын.
Ұзын сирақ жираф боп,
Созады кеп мойынын.
Арман бірде көжек боп,
Секіреді секеңдеп.
Жүгіреді безектеп,
Желді қуып жетем деп.
Болып кейде ақ ,
Тыным таппай күндікке,
Секілденіп нақ құйын,
Айналады турникте...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері