Өлең жазар алдында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өлең жазар алдында» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 12184
(Әбділдаға)
Жар астында — төменде
Сылдырап ағып Сыр жатты.
Айналмай әлі өлеңге.
Көңілде күй боп жыр жатты.
Кеудені кернеп бір сезім,
Ыңылдай берді ақын жан.
Білемін өлең мінезін
Ұйтқытып ойды сапырған.
Дария жатты долданған,
Көбігін атып бұршақтап.
Тұрғандай болды ол маған,
Дүниені бүкіл құшақтап.
1955
* * *
Жастығым сені жоғалттым,
Қалың орман ішінде.
Жүзіндей сом болаттың
Жарқ етесің түсімде.
Бұрынғыша екеуміз,
Орман кезіп кетеміз.
Тал бүршігін сындырып,
Шапқылаймыз жүгіріп.
Сен кетесің шарқ ұрып,
Мен қаламын алқынып.
Жастығым сені жоғалттым,
Дарияның төсінде.
Жүзіндей сом болаттың
Жарқ етесің түсімде.
Бұрынғыша екеуміз
Сыр жағалап кетеміз.
Су тамаша, су қызық —
Шалқалаймыз бір жүзіп.
Сен кетесің алыстап,
Мен қаламын тал ұстап.
1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең жазар алдында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өлең жазар алдында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең жазар алдында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең жазар алдында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері