Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер» атты Гүлмекен Қасенбай жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әке-анам өздеріңмен мақтанам,
Сіздер барда қуанамын, шаттанам.
Дәл сіздердей ата-ананы бұйыртқан,
Жаратқанға сансыз алғыс көп айтам!

Қ-сы:
Менің әкем - жаны жайсаң жақсы адам,
Менің анам - кең пейілді, жомарт жан.
Адалдық пен адамдықты ту еткен -
Ата-анамның әр ісінен бақ табам.
Мерейтоймен асыл әкем, ақ мамам!

Өмірлерің нұрға толы болсын тек,
Келін алып, сүйіңіздер көп бөбек.
Ұзақ ғұмыр кешіңіздер бақытты,
Біз жүрейік тек сіздерді қадірлеп.

     Қ-сы:
Менің әкем - жаны жайсаң жақсы адам,
Менің анам - кең пейілді, жомарт жан.
Адалдық пен адамдықты ту еткен -
Ата-анамның әр ісінен бақ табам.
Мерейтоймен асыл әкем, ақ мамам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар