Өлең, жыр, ақындар

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Уақыт өте мені өзіңе аласың,
Өмірімде жетістікке жете алмасам да,
“Өз кінәң ғой!” деп, қолыңды сілтей саласың!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Уақыт өте өз дегеніңді табасың!
Тас тіпті темірді де су тескендей,
Тықылдап тық-тық етіп өшпес қып ойасың!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Уақыт өте мені өзіңе аласың,
Сағаттың тілі тықылдап секунд сайын күректей,
Көрімді асықпай жәймендеп ғана қазасың.

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Дым үндемей жастық шақты аласың,
Күш көп кезде жұмыс істемегеніңе,
Қартықтың ызы сезілгенде санды қағасың!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Бір істі ұзақ жасасаң мақсұтыңды табасың!
Егер де қателіктен үлгі алсаң мойымай,
Жетістіктің ұлы шыңына шығасың!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Түбінде бәрі-бір бір өзің боп қаласың!
Келет уақыт, келет ғұмыр соңы артыңнан,
Сонда өз-өзіңе тек өзің көмектесе аласың!

Әй, өмір қайда зымырап барасың?!
Уақыт өте мені өзіңе аласың,
Бөлгенде Жұмақ пенен Тозаққа,
Аллаһтың әділ шешіміне,
Өзіңнің өміріңнен жауабыңды табасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әй, өмір қайда зымырап барасың?! өлеңінің авторы кім?

Арсланбек Абдраманов — осы өлеңнің авторы.

Әй, өмір қайда зымырап барасың?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әй, өмір қайда зымырап барасың?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арсланбек Абдраманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әй, өмір қайда зымырап барасың?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.