Өлең, жыр, ақындар

Жағалауда қалған махаббат

Бақыт дейтін ғажапты сезімдей қып,
Жүрек қосты күдік пен жол ізденіп.
Толқынында арнаның таси алмай,
Қосылмаған екі өзен секілденіп.

Бір жүрекке неліктен сыймағанбыз,
Сыймай кеттік, әлі де қиналамыз.
Кездеспей-ақ қойсақ қой қайтер едік,
Қатігез махаббаттан жинап аңыз.

Қинадық-ау босқа кінәсіз жүректерді,
Жаным-ау, бізге бұл керек пе еді?
Махаббаттан бақытсыз боп безінгенше,
Жүрексіз жаратылсақ болмас па еді?

Кірпіктен кіршіксіз жас қимай таңды,
Жаралы жүрек емес едік тым қараңғы.
Менде сендей бақытсыз ғұмыр кешем,
Кешірімге қол созып тұр ма, мәңгі?

Сен айтшы, қай жерден қателестік?
Армандарды аңсама жетер естік.
Бір өзенге құя алмай тасқын жүрек,
Жағалауда кете ме амал нешік.

Бәрін қойшы, біз енді жолықпаймыз,
Жолықпаймыз, баяғыдай сыр ұқпаймыз.
Сүйіп, күйіп тапқанымыз қайғы мен азап,
Бірікпейтін бейкүнә сынықтармыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз