Мектебіме
Тербетіп жырым тұрса таңда әдемі,
Көңілім көкте биік самғап еді.
Ұшырып қия шыңның асқарына,
Ұшқыр ой арманымды жалғап еді.
Мақсатым жүргенінде айқындалмай.
Көңілге ұшқын отын жаққан еді.
Жүргенде байыз таппай соқпақ жерде.
Тоқпақпен жолға тура салған еді.
Жеткізген арманым мен мақсатыма.
Табалдырығы мектептің болған еді.
Көзіме оттай басып тұратындай,
Білім ап көздің майы тамған жері.
Осы бір алтын ұя мектебіме,
Көмейде жыр сақталып қалған еді.
Жырыма қоспасыма хақым бар ма?
Ақыл сана шөлімнің қанған жері.
Құттықтап келгенде ұлың мерейіңмен,
Күмбірлеп жырым тусын көмейімнен.
Тыңдайтын құлақ болса тілегімді.
Әуелетіп әсем жыр төгейін мен.
Өзіңде сақталған ед бала күнім,
Еске алып байыз тапты санам бүгін.
Ұстаздар ана болған ақ жаулықты,
Ал өзің, бұлттан қорғар пана болдың.
Шәкіртке баян етіп дара жолын,
Ұяңнан ұшыра сап қарап тұрдың.
Жыл өтсе сағынып бір келер ме деп?
Қырына көкжиектің қарап тұрдың.
Еркелеп еске алып бала күнді,
Есіктен аттауды ойлап санам тұрды.
Еркелікпен өзіңе құшақ жайсам,
Есі кірген біреулер қарап тұрды.
Мектебіме сағынып келсем жиі,
Ессіздікке біреулер санап тұрды.
Мен ғана ессіздік деп ойламайтын,
Әр шәкіртке мектепке аяңдаған,
Есім шығып қызғанып қарауымды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі