Досқа сыр
Айта алмаған жанмын мен
Досқа сырын.
Бар ма өзі дос
Түсінер адам мұңын?
Тылсым күш пе еді,
Сезілмес, білінбеген?
Достықтың емеспін неге
Күйін кешкен, күйін көрген?
Дос не өзі
Досым бар ма?
Қызығамын кейде мен
Досы барға.
Дос болып кеткім келеді, досы болып,
Дос іздеген доссыздарға.
Дос дегенің әлде
Көрінбейтін құдірет пе?
Естілер даусы көктен,
Ең биіктен.
Сырласың да, мұңдасың да
Досың деуші еді,
Жұбататын түңілгенде
Бөлісіп тең.
Достықты
Мен де бір күн сезінем бе?
Шын досқа дос болып кезігем бе?
Дос болғым келеді
Досы жоқпен.
Қайтарыңдар айтарым бар
Досымды елге.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі