Тағдырға сұрақ
Күлмедім көптен алаңсыз,
Тағдырға толы көп арыз.
Арылмай жүр жан мұңнан,
Жүдетіп ай жыл қыс пен күз.
Келмеген бақ та, дәурен де,
Әлсіреп сенім жүректе.
Қаталды мына өмірдің,
Құрбаны болып келдік пе?
Жаңбырдан жерге сырғанап,
Келшік боп та еш тұнбағам.
Бақыттан неге кенде боп,
Бақытсыз неге шындалам?
Келдім бе бекер мен босқа,
Тағдырым, айтшы себебін.
Жердегі шаттық тимесе,
Жер асты ма менің мекенім?
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі