Аты асқақ Астанам – KAZBEKboken63

Бұл бетте «Аты асқақ Астанам» атты KAZBEKboken63 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аты асқақ Астанам

Күн сайын көркеюде Астанамыз, Жыл санап көбеюде баспанамыз. Ерлікпен аты мәшһүр қазақ болсақ, Қалайша басқалардан жасқанамыз.

Ел бірлігін тілеген бар атамыз, Әлемді аузымызға қаратамыз. Зор еңбекпен үйренген бар білімді, Қажетіне елімнің жаратамыз.

Көкпен бірге таласқан бәйтерегім, Жараспаса тірлігім қайтер едім. Халқымды жетелеген биік шыңға, Ерлердің еңбегі деп айтар едім.

Құлпырып тұр Астанамның орманы, Іске асты бар қазақтың арманы. Елі үшін туған ерлер көп болса, Мықты елдің бұзылмайды қорғаны.

Туған күнің құтты болсын, Астанам! Болашаққа бар қазақты бастаған. Отыз елдің қатарына тез жетіп, Бейбіт елім шырқап салсын асқақ ән.

Елі менен жерін сүйген ұланбыз, Қазақстанда мекен етіп тұрамыз. Көк туымды желбіретіп көгімде, Еркін елде сауық-сайран құрамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аты асқақ Астанам өлеңінің авторы кім?

KAZBEKboken63 — осы өлеңнің авторы.

Аты асқақ Астанам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аты асқақ Астанам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде KAZBEKboken63 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аты асқақ Астанам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар