Күзгі өлең – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Күзгі өлең» атты Қалқаман Сарин жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 10.01.2018
  • 0
  • 1
  • 23078
Көңілде күлкі жоқ еш,
Келемін налып іштей.
Кездесу мүмкін емес,
...тек сендік сағыныш қой.

Қол бұлғап кеттің ұзап,
Қалғаны - қалың күдік.
Көз жасын төкті жылап,
Көк аспан жанымды ұғып.

Таныттым асқақ рең
Таба алмай сөзді лайық.
Қалауы басқа, білем,
Қарады көз мұңайып...

Сездің бе, сезбедің бе,
Өлмесін көзіңше үміт.
Өлеңнен өзге кімге
Сыр айтам өзімсініп?!

Бақ болып жолықпай кем
Бұйырған тағдыр бізге.
Көктемдей көрікті оймен
Қамалып қалдым күзде.

Қараша. Күз аптығып,
Суынған от тіршілік.
Үнсіздік... Ұзақ тұрып,
Тұманға кеттім сіңіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Сая

Өте күшті әсер болды

Осы автордың басқа өлеңдері