Өлең, жыр, ақындар

Менің Анам

Менің Анам ең әдемі, ең асыл,
Менің Анам барлығынан жанашыр.
Ешбір ғажап мейріміне тең келмес,
Менің Анам көктен шашқан сәуле нұр.

Менің Анам бар қымбаттан бағалы,
Менің Анам әлемде жалғыз аяулы.
Зәм-зәм суы, қасиеті Меккенің сөз болып па?
Артық одан Анамның бір ғана айтқан дұғасы.

Менің Анам жұмақтың гүлі, жұпары,
Менің Анам бұлақтың ғазиз бұлағы.
Құдайдың өзі көркем еткен бейнесін,
Менің Анам періштеден де мінсіз шырайлы.

Мың бір ақын сөз жетпейтін, тіл десе,
Менің Анам ғана киелі тым ерекше.
Анамның бір күлкісіне де татымайды,
Болсын мейлі Анамдай жан бір емес, бір неше.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз