Амудария – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Амудария» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2841
Жүзі суық Амудың
Суының да сұр түсі.
Айдынында дауылдың
Сақылдаған күлкісі.
— Тегін емес, жора жан,
Қабағының қатуы.—
Деп қозғаған сыр одан
Қарақалпақ ақыны.
Айдап елді Аралға
Айқай, у-шу сүреңмен —
Ертеде Амудария
Бұрқ-сарқ қайнап, шіренген
Асау езен өзеуреп,
Халық босқан жапаннан.
Біздер тұрған бұл өзек,
«Қыз кеткен» деп атанған.
Жағасында Амудың
Қалып қойған орнында,
Тақиятас арудың
Тақиясы болды ма?
Жуылды ма бұл жаға,
Оның мөлдір жасымен.
Қарық боп су олжаға,
Ойнады ма шашымен.
Жаны оның да ақын ғой
Қөңілімді дос ұқты.
Жүзіңізде жатыр ой,
Жазасыз ба қосықты1.
— Жазамын — деп құлшынып
Айта алмаймын күн бұрын.
Кейде ұялып, қымсынып
Келмейді жыр құрғырың.
Алдымызда тұр күтіп,
Шаңқай түстей ақ қала.
Амуды ел сырғытып,
Барады алып мақтаға.
Түсті оған бұғалық,
Енді ол түсін бұзбады.
Мақтаны жүр суарып,
Қарақалпақ қыздары.
Бұл қыздарда жоқ қайғы
Басқа олардың жыры бар.
Толқынменен ақпайды
Толқын шашты сұлулар.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амудария өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Амудария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Амудария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Амудария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері