Жолдастар

Бұл бетте «Жолдастар» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2475
Еңбекшіл – біз кедейдің баласымыз,
Отанның жас жеткіншек панасымыз.
Орнатып бақ ордасын елімізге,
Тайсалмай ілгері өрлеп барамыз біз.

Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман.

Біз – жаздың жаңа шыққан ағашымыз,
Өмірден толып жатқан аласымыз.
Болсақ та жас шыбықтай жаңа шыққан,
Бастайтын еліміздің ағасымыз.

Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдастар өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Жолдастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолдастар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері